Университет кітапханасының кітап қорына Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінен «Алашорда ісі. 1920-1940 жж. Құжаттар мен материалдар» атты 12 томнан тұратын тарихи-құжаттық жинағы келіп түсті.
Жинақтың жарық көруі Қазақстанда қуғын-сүргін құрбандарын ақтау ісіне қосылған маңызды үлес болып табылады. Жинақта бұған дейін жарияланбаған 300-нан астам құжат, оның ішінде фотосураттер енгізілген.
