Ғылыми-медициналық кітапхана бірінші курс студенттеріне арналған «Ақпараттық мәдениет негіздері» атты дәстүрлі кітапханалық-библиографиялық сабақтарын бастады. Бұл сабақтардың мақсаты – бірінші курс студенттерін кітапхананың мүмкіндіктерімен таныстыру және электронды ақпараттық ресурстарды тиімді пайдалану жолдарын үйрету.
