Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ғылыми-медициналық кітапханасы
Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының кітапханасын ұйымдастыру 1957 жылы институттың барлық бөлімшелері құрылған кезден басталды. Алғашқы қызметкерлері Девятова Нина Николаевна және Кинжегулова Зоя Амиржановна болды.
Бірінші оқу жылының басында кітапхананың кітап қоры Кеңес Одағының жетекші медициналық оқу орындарының кітапханаларынан: 1 және 2 Мәскеу, Харьков, Пермь, 1 – Ленинград медициналық институттарынан, Мәскеу әскери-теңіз академиясының кітапханаларынан және В.И.Ленин атындағы мавзолей жанындағы ғылыми-зерттеу зертханасынан түскен бірнеше ондаған мың оқулықтар, құралдар, монографиялар болды. Харьков кітапхана институтынан келген Епишкина Лидия Ивановна (1961-1972 ж.ж.) кітапхана басшылығы кезінде жұмыс айтарлықтай жанданды. Ол кітапханадағы қызмет көрсету жүйесін Мәскеу және Ленинград кітапханаларының деңгейіне жеткізуге тырысты. Осы уақытта кітапхана қызметкерлерінің негізгі құрамы құрылды: В.И.Трифонова, А.И.Борадулина, Г.П.Яцук және т. б. Кітап қорын толықтыру бойынша үлкен жұмыстар жүргізілді, картотекалар, пәндік және жүйелі каталогтар құрылды, алфавиттік каталог қайта ұйымдастырылды. Кітап қоры институттың оқу және ғылыми бағдарламаларын есепке ала отырып жинақталды, КАА (кітапханааралық абонемент) пайдалану бойынша жұмыстар нақты жолға қойылды.
1961-1972 жылдар аралығында кітапхана қоры 280 мың данаға жуық кітапты құрады. Осы жылдары кітапхана ұжымы көбейді, оған жаңа білікті мамандар келді: Ишеева Б.П., Танибергенова С.С., Гончарова Г.И., Потякина Е.И., Гагокина З.Ф., Мерзликина А.И., Кабышева Л.А., Брокоп А.П., Хабибуллина З.Г., Ионас М.М., Лазарева Л.Н., Саттарова К.Ш. және т. б.
Студенттерді тәрбиелеу мақсатында кітапханада оқырмандық конференциялар, әдеби кештер, кинофильмдер көрсетілімі өткізіліп, оларды кейіннен талқылау жүргізілді. Ғылыми конференциялар мен атаулы күндерге орай әрдайым кітап көрмелері ұйымдастырылды.
1972-1994 ж. ж. кітапхананы Д.Г.Зайнуллина басқарды. Осы жылдары кітапханаға Е.И.Павленко, Н.И.Изимова, К.С.Туткушева, Г.Турмагамбетова, С.С.Темірбаева, К.Д.Хайрикенова, Г.А.Тюрежанова, Ш.Е.Таильбекова, Ш.Б.Тажимбетова және К.К.Амнжурова келді.
2005 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін кітапхана басшысы — Г.А.Тюрежанова. Кітапхана ұжымы кітапхана ісінің жас мамандарымен толықты: И.И.Кряжова,У.Ж. Бишенова, О.А.Кирильчук, Г.Т. Жайлауова, Р.Х.Еналеева, Л.А.Сырбова және т. б.
Қазіргі уақытта кітапхананың заманауи материалдық-техникалық базасы электрондық ресурстармен жұмыс істеу үшін арнайы оқу залдарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Оқытушылар мен студенттер қызметіне — 5 абонемент, 4 оқу залы, Интернетке қол жеткізе отырып, электрондық ресурстармен жұмыс істеуге арналған зал бар.
Оқытушылар мен студенттердің өздік жұмыстары үшін Университет кітапханасы алыстағы мәліметтер базасымен және электронды кітапханалармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді: «Дәрігер кеңесшісі», «Студент кеңесшісі» ЭКЖ, EBSCO, «Кокран кітапханасы», «Параграф» және т. б. Бүгінгі таңда кітапхана пайдаланушыларына 20-дан астам толық мәтінді мәліметтер базасы қызмет көрсетеді. Құжатты электронды жеткізу қызметі енгізілді.
Анықтамалық-библиографиялық аппарат пәндік, жүйелік, алфавиттік және электрондық каталогтарды ұсынады. Құжаттарды ғылыми өңдеу әмбебап ондық жіктеу (ӘОЖ) және «Медициналық айдарлар.Медициналық пәндік айдарлар. Тезаурус орысша нұсқасы» атты толық 4-басылым бойынша жүргізіледі. ИРБИС-64 автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйесі негізінде құрылған электронды каталогта «Кітаптар», «Оқу процесін кітаппен қамтамасыз ету», «Мақалалар», «Мемлекеттік тілдегі құжаттар», «Шет тіліндегі құжаттар», «Электрондық кітаптар» библиографиялық дерекқорлары бар. «Қызметкерлердің ғылыми еңбектері» толық мәтінді электрондық кітапхана қалыптастырылуда. Кітапхананың қызметі медициналық білім беруді, ғылымды және денсаулық сақтауды дамытудың жаңа бағыттарын ақпараттық қолдауды жақсартуға бағытталған. Өз функцияларын орындай отырып, кітапхана өзінің ең жақсы дәстүрлерін сақтайды. Оларды жұмыстың жаңа формаларымен толықтыра отырып, сапалы өсуге ұмтылады.