Университет кітапханаларының халықаралық тәжірибесі

20-23 қараша аралығында Анталия қаласында (Түркия) Түркия республикасының 100 жылдығына арналған «Университет кітапханаларын қайта қарау» тақырыбында ANKOSLink халықаралық конференциясы өтті.

Үш күндік конференцияда жасанды интеллекттің университет кітапханаларына әсері, тұрақты идентификаторлар және ақпаратқа қол жетімділік, зерттеулерді бағалау жүйелері, консорциумдарды зерттеудің маңыздылығы, ашық ғылым және ашық қол жетімділік, баспа саласындағы әзірлемелер, жаңа оқу платформалары және т. б. тақырыптар қарастырылады.
Конференция аясында ANKOS Президенті Исмаил Четинкаямен, Түркия Республикасы Президентінің кітапханасының директоры Айхан Туглумен және түркі әлемі кітапханаларының басшыларымен кездесу өтіп, алдағы уақытта бірлескен жобалар аясында жұмыс жоспарланды.
Кәсіби бағдарламада 24 қарашада Анкара қаласында (Түркия)Түркия президенттік кітапханасы мен Хаджетепе және Билкент университеттік кітапханаларына бару ұйымдастырылды