Ғылыми-медициналық кітапхананың электрондық ресурстарына, соның ішінде деректер базасына, журналдарға және оқу материалдарына бірыңғай қолжетімділікті қамтамасыз ететін Open Athens жүйесін пайдалануға болатынын еске саламыз

Осы мүмкіндіктерді барынша пайдалану үшін Open Athens жүйесімен белсенді түрде жұмыс жасауыңызды сұраймыз. Жылдың басында кітапханада тіркелген әрбір қолданушының электрондық почта мекенжайына Open Athens жүйесін пайдалану нұсқаулары мен жүйеге кіру ақпараты жіберілді. Егер қандай да бір себептермен логин мен құпиясөзді алмасаңыз немесе Open Athens-ті пайдалану туралы сұрақтарыңыз болса, 104-кабинеттен (1-ғимарат) білсеңіз болады. Электрондық ресурстарды белсенді пайдалануыңызға тілектеспіз!

Accessibility Toolbar