2024 жылдың 1 қазанынан бастап университетте екі жетекші ғылыми баспаға – World Scientific және American Chemical Society (ACS) – тестілік қол жетімділік ашылады.
World Scientific-ғылыми, зерттеу және кәсіби қауымдастықтарға арналған кітаптар мен журналдардың жетекші халықаралық тәуелсіз баспасы. World Scientific complete eJournal Collection журналдар жинағында 140-тан астам халықаралық рецензияланған журналдар бар, оның ішінде 21 толық қол жетімді журнал
Ресурсқа сілтеме: https://www.worldscientific.com
Американдық химиялық қоғам (ACS) – әлемдегі ең ірі ғылыми ұйымдардың бірі болып табылады. ACS publications бөлімі рецензияланған журналдарды, электронды кітаптарды, химия және медицина саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттарының зерттеулерін жариялайды және Chemical & Engineering News журналын шығарады.
Журналдарға сілтеме: https://pubs.acs.org/
Тестке қол жеткізу сізге осы баспалар ұсынатын көптеген ғылыми басылымдар мен ресурстармен танысуға мүмкіндік береді. Қол жеткізу мерзімі 2024 жылдың 31 қазанына дейін.