Конференция аясында McGraw Hill компниясының өкілі Анна Белянцева шеберлік сабағын өткізді

Ғылыми-медициналық кітапханасында «Қазақстан Республикасындағы паллиативтік көмек: жетістіктер, проблемалар, перспективалар» халықаралық қатысуымен ix республикалық конференциясы аясында McGraw Hill компаниясының өкілі Анна Белянцева «Медицина мамандарына арналған accessmedicine платформасының функционалы мен мүмкіндіктерін көрсету» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Университет оқытушылары, резиденттері мен студенттері белсенді қатысты. Мастер-класста қатысушылар AccessMedicine платформасының оқу процесі үшін қажетті функционалдығымен танысты.  

Кітапханалық-библиографиялық білім негіздері бойынша 1 курсқа арналған практикалық сабақтар

Оқу процесінде кітапхананың электрондық ресурстарын пайдалану бойынша кітапханалық–библиографиялық білім негіздері бойынша 1 курсқа арналған практикалық сабақтар сериясы басталды. Сабақтың мақсаты–ақпараттық–библиографиялық сауаттылықты арттыру, кітапхана сайтында электрондық каталогпен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын алу, кітапхананың электрондық ақпараттық ресурстарына тіркелу.